Біздің мақтанышымыз
Дата: 10.08.2021 Рубрика: Патриот
0
360
0
Түркістан қаласында «Turkestan music festival» ашық республикалық конкурс - фестивалі өтті. Осы сайысқа аттанған «Жұлдыз» студиясының қатысушылары домбырадан «Халық аспаптары» номициясы бойынша өнер көрсетіп, гран-приге ие болды. Олар 10-12 жас санатында «Вокалдық өнер» номинациясында 1 орынды жеңіп алды. Республикалық ашық конкурсфестивальінде біздің балаларымыз «Кербез сұлу», «Құлагер», «Балбырауын» сияқты шығармаларды ойнады. Вокалдық орындауында «Бір бала» шығармасы орындалды. Қостанай қаласының «Жұлдыз» студиясының жетекшісі Айгүл Абайқызы Тимербекова, оқытушысы Өмірзақов Арыстанбай Қожанұлы. Конкурс жеңімпаздары үнемі биіктерді бағындырып жүреді. Олар өңіріміздің ғана емес, елімздің мақтанышы.
Комментарии