Менің арманым
Дата: 10.08.2021 Рубрика: Патриот
9
2270
0
Əр адамның өзінің арманы бар. Ал, менің арманым суретші болу. Суретші болу үшін суретті жақсы сала білу керек. Мен де сурет салғанды, әсіресе, қағаз бетіне кез келген мүсінді, адамды, немесе табиғат көрінісін түсіргенді жақсы көремін. Сондықтан да болар, мен өскенде суретші болғым келеді. Өйткені, суретші болу өте қызық. Болашақта Ә.Қастеев атамыз сияқты атақты суретші болсам деймін, елімді әлемге танытсам деп армандаймын. Бұл бағыттағы жетістіктерім де жоқ емес, облыстық, республикалық тіпті халықаралық сурет байқауларында да жүлделі орындарды иеленіп жүрмін. Мысалы, “Динозавры и фантастические существа” халықаралық байқауында 1 орын, “Волшебная зима” республикалық байқауында екінші орын, “DARYN ECOART” облыстық экологиялық суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар байқауының аудандық кезеңінде 1 орын сияқты көптеген сурет байқауларында жүлдері орындармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталдым. Мұның сыртында ән айтып, би билегенді жақсы көремін. Түрлі үйірмелерден де қалмаймын. Сондай-ақ, бастауыш сыныптар арасындағы ғылыми жұмыстар бойынша ха лық ара лық олипиадалардың да жеңімпазымын. Осының бәрі менің ата-анам мен ата-әжемнің арқасы. Олар үнемі мені қолдап, әр жетістігіме қуанып отырады. Болашақта мен олардың үмітін ақтап, биік белестерді бағындырсам деп армандаймын. Ал, армандардың орындалатыны рас.
Томирис ЕРЖАНОВА, Тобыл қаласыныңмектеп-гимназиясының 1 “В”сынып оқушысы
Томирис ЕРЖАНОВА, Тобыл қаласыныңмектеп-гимназиясының 1 “В”сынып оқушысы
Комментарии