Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаз қызығы лагерде

Дата: 10.08.2021 Рубрика: Патриот
474
0
Жаз қызығы лагерде
Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше күтетін мезгіл. Бәріміз осы бақытты күндерде сабақты да ұмытып, алаңсыз демалатынымыз рас. Мен биылғы жазғы демалысымды қаламыздағы өзім білім алатын №115 орта мектебіндегі “Балдырған” мектепалды жазғы лагерінде өткіздім. Онда төрт топ жұмыс жасады. Топ жетекшілері А.Отар, А.Шайкенова апайларымыз біз үшін биылғы жазды қызықты әрі пайдалы өткізуге тырысты. Біз лагерьде бір мезгіл тамақ ішіп, қызықты ойындар ойнап, түрлі жарыстарға қатыстық. Екі топқа бөлініп арқан тарту, асық ату, қол тірес сияқты ойындарды бәріміз жарыса әрі қызыға ойнадық. Қолөнер сабағында кесте тігіп, тоқыма тоқуды үйрендік. Туған жер туралы мәнерлеп оқудан өткен жарыста белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталдық. Сондай-ақ, демалыс барысында мұражайға барып, өткен тарихпен, құнды жәдігерлермен таныстық. Бізге ең ұнағаны, сусындар шығаратын өзіміздің “Аква-Арасан” зауытында болып, ерекше әсер алып қайттық. Ал, лагерьмен қоштасу кешінде бәріміз өлең айтып, би билеп, өз өнерлерімізді ортаға салып, тәрбиешілерімізбен қимай қоштастық. Осындай бізге керемет жазғы демалыс сыйлаған ата-аналарымызға, тәрбиешілерге айтар алғысымыз зор.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!