Буырқанған бояулар
Дата: 13.07.2021 Рубрика: Патриот
0
357
0
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Вадим Быковтың Арт-студиясы» оқушыларының «Буырқанған бояулар-10» атты көрмесі ашылды. Көрмеде жүзден астам кескіндеме, графика, акварель, мүсін жұмыстары ұсынылды, онда студия оқушылары қиялынан туындаған жұмыстары мен суретші Вадим Быков үйреткен барлық шеберліктерін көрсете білді. Осыдан он жыл бұрын танымал қостанайлық суретші-кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быков өзінің шығармашылық студиясының есігін айқара ашты, онда бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгергісі келетін жандар білім алады. Көрмеде ұсынылған жұмыстар бейнелеу өнерінің түрлі жанрларында, техникаларында, түрлерінде орындалған. Студияда 4 жастан бастап әр түрлі жастағы өкілдер оқиды. Түстер сан түрі көздің жауын алады, олар адамның көңіліне қарай ойнап тұрады десе де болады. Мұнда әр жылдардағы оқушылардың жұмыстары ұсынылған. Ал он жыл ішінде олардың қатары арта берді. Студияға келген жандар түрлі мақсатты ұстанады. Бірі сурет салуды үйренеді, ал кейбірі іште жүрген сезімін қылқалам арқылы шығарғысы келеді. Студия оқушыларының басты ерекшелігі - олар мұнда өздерінің сүйікті істерімен айналысады. Суретшілер түрлі байқауларда жетістіктерге жетіп жүр. Мысалы, Яна Берк «Жас толқын-2016» облыстық байқауына қатысып, «Графика» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды. «Графика» номинациясы бойынша 2 орын және «кескіндеме»номинациясы бойынша 3 орынға иеленді. Ал Димухаметова Елизавета «Мен – суретшімін»оқушылар мен талапкерлердің көркем және шығармашылық жұмыстарының шығармашылық байқауының сырттай турының 1 дәрежелі дипломымен марапатталған. Бала патриот болсын десек оның ішкі әлемін әдемілікке баулығанымыз жөн.
Комментарии