Ұлттық ойын қызығы
Дата: 13.07.2021 Рубрика: Патриот
0
372
0
Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту» болмақ. Сондықтан да өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша белгіленген әлеуметтік маңызды жобалар мен іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қостанай ауданының мектеп білім алушылары Заречный ауы лында орналасқан «Қазақ тұлпары» жылқы - зауытына экскурсия жасады. Балалар мұражайға барып, жылқы зауытының тари хымен танысты. Жылқы өсіру ерекшеліктері, - өз өңіріміздің жылқы түрлері туралы мәлімет алды. Сондай-ақ, «Қыз қуу» «Садақ ату» «Алдыраспан ойыны» ұлттық ойындарға қатысты.
Комментарии