Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаз қызығы орманда

Дата: 29.06.2021 Рубрика: Патриот
368
0
Жаз қызығы орманда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті өтті. Жастар арасында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және дәріптеу мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының өңірлік дене шынықтыру орталығы «Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы» (Алтынсарин ауданы) сауықтыру лагерінің базасында қазақ педагог – ағартушысы, жазушысы Ы.Алтынсарин 180 жылдығына, Қазақстан Респу бликасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» - жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетін өткізді.
Онлайн-слеттің негізгі міндеті-оқушыларды спорттық туризммен және спорттық бағдарлаумен айналысуға тарту және насихаттау; туристік-спорттық шеберлікті арттыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу. Слетке Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 9 команда қатысты, олар шатырды құру мен жинау, бағдарлауда, алғашқы медициналық көмек көрсетуде, аспалы өткелде, бөрене бойынша өткелде, тораптарды тоқуда, топознактарды анықтауда, көтеруде, траверс пен түсіруде кімнің жақсы екенін көрсету үшін қатысты.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!