Нағыз қазақ домбыра
Дата: 29.06.2021 Рубрика: Патриот
0



Мен қазақтың қара домбырасын 7 жасымнан бастап үйрендім. Қәзіргі уақытта 20-дан астам күйді білемін. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген ұстанымдамын. Мен домбырада ойнағанды жақсы көремін, жақсы көретінім сондай домбыра туралы, қазақтың ұлттық киімдері, салтдәстүрлері жайында көп білгім келеді, қызығып кітаптардан көп оқып, ізденіп жүремін. Айтайын дегенім, кешегі күні «Станционный» кітапхана-филиалында «Сән және дәстүр: ұлттық киім» атты іс-шара өтті. Мен осы іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Себебі халқымыздың ұлттық киімдері туралы көп ақпарат алдым. Осы тақырыпта презинтация мен бейнетаспа көрсетілді. Кітапханашыға өзімді қызықтыратын сұрақтар қойып, толық жауап алдым. Маған өте ұнады. Біз досым Қасым екеуіміз Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындадық. Бұл кітапхана менің үйімнің қасында, жазғы демалыс уақытында, босқа жүрмей қызықты кітаптар алып оқитын боламын.
Нұрсұлтан МАҒЖАН, № 15 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Қостанай қаласы
Нұрсұлтан МАҒЖАН, № 15 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Қостанай қаласы
Комментарии