Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Танымды саяхат

Дата: 15.06.2021 Рубрика: Патриот
278
0
Танымды саяхат

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басты критерийі – саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет. Оның тірегі – «ұлттық код» пен «жаңғыру». Ұлттық код – ұлтымыздың жеке дара құндылығы мен мол мұрасы. Ал, жаңғыру – соны игере отырып, тарихымызды тану, өткенді жетік біліп, болашақты жарқын ету.

Жас ұрпаққа «туған жер» деген киелі де қасиетті ұғымның мән-мағынасы мектеп қабырғасынан бастап оқып-үйретіледі. Себебі туған өлкесінің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін терең білмеген ұрпақ ұлтына адал қызмет ете алатын тұлға болып қалыптаса алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында жастарды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеудің маңызы айрықша зор. Бәсекеге қабілетті елдің басты күші – отаншыл, рухты жастар екені анық. Бағдарламада: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» – делінген. Яғни, бұл бағдарламаның негізгі өзегі – жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап «туған жерін», «туған елін» құрметтеуге, тамыры терең тарихын, бай мәдениетін қадірлеп, қастерлеуге баулу. Сол арқылы өз отанына қалтықсыз қызмет ететін рухы биік, санасы ашық азамат етіп өсіру. Қостанай ауданының білім беру ұйымдарының білім алушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне виртуалды саяхат жасады. Бұл онлайн түріндеболса да өте қызықты болды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!