Балалар әдебиетінің атасы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ”Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында 2021 жыл – “Балалар әдебиеті жылы” деп жариялады. Осы орайда балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің 30 жылдығының тұспа-тұс келуі де бекер емес.
Облыстық мәдениет басқармасының ”Кітап ауласында” ”Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді.
Іс-шара аясында бүлдіршіндер ұстаз өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алып, арнайы ұйымдастырылған киіз үйде жас Ыбырай ұстаздан өсиет тыңдап, ХІХ ғасырдың жазба құралдары сия сауытты өз қолдарымен қолданып көрді. Сондай-ақ, балалар Ыбырай шығармашылығы мен өмірбаяны негізінде құрастырылған викториналық сұрақтарға таласа жауап беріп, ұстаздың әңгімелерінің мазмұнын айтып, өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқап, белсене ат салысты.
“Кітап ауласындағы” Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі ұйымдастыратын іс-шаралардың кезекті легі өз жалғасын табады.
Комментарии