Менің атам
Дата: 05.05.2020 Рубрика: Патриот
0
624
0
Ұлы Отан соғысы жылдарында шыбын жанын шүберекке түйіп, «Отан үшін» от кешкен ардагер аталарымыз жайында айтқым келеді. Сол сұрапыл жылдарда зұлым жаумен ұрыс салған қаншама жауынгерлер болған, солардың бел ортасында партизан болған – Боранбай Абилдинов. Ол – менің атам. Мен атамның Ұлы Отан соғысындағы ерлігін мақтаныш етемін. «Өткенді ұмыту – өшкендіктің белгісі, ал оны еске алу – өскендіктің белгісі» демекші, атамның көзін көрген, атамның соғыстағы ерлігі жайлы естігендерім әлі менің есімде сақтаулы. Мен мектеп қабырғасында жүрген бүлдіршін бала болсам да, атамның майдангер болғанын, елі мен жері үшін жан төзгісіз қиындықтарды бастан кешкенін естіп, кішкентай ғана жұдырықтай жүрегіммен сезіне отырып жазып отырмын. Мен атамның жүректілігі мен батырлығын мәңгі есіме сақтаймын. Бүгінгі таңда атам тірі болғанда, менің қуанышымда шек болмас еді. Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында орталық алаңға атамды ерітіп шығып, барша балаларға: «Көріңдер, бұл - менің батыр атам, ол тек солдат, партизан, батыр болды», - деп мақтанышпен айтқым келеді.
Жансая БОРАНБАЙ Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 8 сынып оқушысы
Жансая БОРАНБАЙ Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 8 сынып оқушысы
Комментарии