Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Атама хат

Дата: 05.05.2020 Рубрика: Патриот
801
0
Атама хат
Сәлеметсіз бе, аса құрметті менің Абдолда атам! Қолыма қалам алып, сізге хат жазуыма биылғы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы себеп болды. Сізге хат жазып отырған сіздің шөбере немереңіз мен Бекзатпын. Ата, сіз білесіз бе, мен қазір орта буында оқимын. Соғыс жөніндегі деректерді тарих оқулығынан, кинофильмдерден көріп, шығармалар оқысақ та, сіздердің сол уақыттағы сезімдеріңізді сезіне алу қиын... Мен соғыстың не екенін білмей өскен баламын. Соғысты елестеткенде, айналадағы қара түнекті, қираған үйлер мен өртеніп жатқан ғимараттар көз алдыма келеді...Сол қара түнектің арасынан небәрі 19 жастағы сізді көремін. «Ұрпағым аман болсын»-деп, бар күшіңізді салып, соғысудасыз... Сіз фашистік Германияны жеңгеннен кейін бірден елге қайтпай, қиыр Шығыстағы Жапон соғысына да қатысыпсыз. Аттай 6 жыл бойы бұрын сонда атын естімеген елдерде болыпсыз. Сол болған елдерге бейбіт өмір мен тыныштық әпердіңіздер. Соның барлығы сіздің және сіздей қарапайым адамдардың арқасы ғой... Бейбіт күнде өмірге келген ұрпақ болсақ та, мендей атабабалары Отан қорғау жолында жанын пида етіп, майдан алаңына бірі қолын, бірі аяғын қалдырып кеткен қаншама жан бар. Ал қазіргі таңда сол елдер Кеңес үкіметіне өз реніштерін білдіруде. Не дегенімен де сіз Ұлы Отан соғысының батырысыз. Сізді бір сәтке де естен шығарған емеспіз. Соғысты көзбен көрмесек те, жүрекпен сезіне білу- біздің борышымыз деп білемін. Қымбатты ата, сіз соғыста ғана емес, сонымен қатар бейбіт күні де өз батырлығыңызбен де, қайсарлығыңызбен де ішкі істер қызметінде талай жастарды адалдық жолыңда тәрбиеледіңіз.Талай адамның қаны сіңген жерді құрметтеп, қорғау біздің басты міндетіміз деп білемін. Сіз сияқты ерлік көрсеткен ерлерімізді ұмытпай, желбіреген көк байрағымызды құлатпау үшін бар күшімізді салуға тырысамыз. Сонда да, сіздің ерлігіңізге жете алмайтынымыз айдан анық..... Ата, сіздің ұрпағыңыз тәуелсіз мемлекетте өмір сүруде. Ата, сіз еш уайымдамаңыз менің сабағым жақсы. Әрдайым белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен орындап отырамын. Сіздің атыңызға ешқашанда кір келтірмеймін. Оған кәміл сеніңіз. Ата, егер көзіңіз тірі болғанда, биыл 97 жасыңызды тойлап, мәз-мейрам болар едік.. Ата, сіз біздің елдегі өзгерістерді, жетістіктерді, өзіңіздің ұрпағыңыздың оқудағы, еңбектегі жемісін, көк аспан төрінен қарап, риза болатын шығарсыз.

Жалынды сәлеммен хат жолдаушы шөбере немереңіз Бекзат ЖАКУПЖАНОВ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!