Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тәуелсіздік – киелі ұғым

Дата: 25.05.2021 Рубрика: Патриот
496
0
Тәуелсіздік – киелі ұғым

Осы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Еліміздің егемендігі үшін күрес тарихы көптеген сынақтар мен қиындықтардан тұрғаны белгілі. Ғасырлар бойы халқымыздың арманы болған Тәуелсіздік бізге көптеген мүмкіндіктер береді.

Тәуелсіздік маған не берді? Тәуелсіздік маған еркіндік пен таңдау сыйлады. Біз сөз бостандығына ие болдық. Мен өзімнің туған ана тілімде сөйлей аламын, болашақта қалаған оқу орнында оқи аламын, өзіме ұнайтын іспен айналыса аламын. Еліміздегі сапалы медициналық көмекке де жүгіне аламын. Яғни, Тәуелсіздік маған жаңа жолдар ашады.

Егемен елдің өз әнұраны, туы мен елтаңбасы, Конституциясы болады. Халықтың ұлттық мұрасы жаңарады. Мемлекеттік тілде қайта жанданады. Ал еркін еліміздің әлемдік аренадағы орны қандай? 1991 жылдан бері Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттарында көптеген өзгерістер жасалды. Республикамыздың Тәуелсіздігін көптеген беделді елдер мойындағаннан кейін, 120-дан астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатыла бастады. Н.Ә.Назарбаев арқасында біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымынының белсенді мүшесі атанды, орасан зор зардап алып келген ядролық қарудан бас тартты. Осыған ұқсайтын тағы басқа әрекеттер Қазақстанның әлемдік қауымдастықта беделінің артуына әсер етті. Себебі, бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда үлкен рөл атқаратын қадамдар болды.

Менің болашағым Қазақстан сияқты дербес мемлекетте жарқын болады деген сенімдемін.

Айгерім Әмірғали,

Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «А» сынып

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!