Менің бақытым
Тәуелсіздік - бұл еркіндік, дәлірек айтсақ, өзіңіздің келтірілген әрекетіңізге, жауап беру құқығы. Әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет ретінде танылу, экономиканың, сыртқы және ішкі саясаттың дамуы, өз жерлері мен ресурстарын басқару мүмкіндігі тіпті өзіміздің алфавитіміздің пайда болуына мүмкіндік берді.
Ал мен үшін елдің қарапайым тұрғыны ретінде тәуелсіздіктің не берді? Егер қазіргі кезді және 1991 жылға дейінгі кезеңді салыстырсақ жер мен көкті теңегендей. Қазіргі кездегі тәуелсіз Қазақстанда түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізген жастардың саны аз емес. Бұл елдің тәуелсіз және еркін болуына байланысты екені сөзсіз. Мен көп ұлтты мемлекетте, бейбітшілік пен тәуелсіздік орнаған елде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.
Зарина Мирам,
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 А сынып оқушысы.
Комментарии