Білім жарысында
Өңірдің 77 оқушысы қатысқан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі биыл онлайн форматта өтті. Жүлделі орындарға ие болған 28 жеңімпаз марапатталды. 28 жүлдегердің ішінен 7 оқушы бірінші, 9 оқушы - екінші және 12 оқушы - үшінші орынды иеленді. Облыс құрамасы «ҚР Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша қола медальға ие болды. Жоғары сынып оқушылары химия, физика, биология, неміс тілі және өзін-өзі тану пәндерінен үздік нәтиже көрсетті.
«Мұғалімім Юлия Анатольевнаға үлкен алғысымды айтқым келеді! Ұстазым екінші орын алдың дегенде, көңілім түсіп кетті. Келесі олимпиадада алтын медаль алуға тырысамын»,- дейді өзін-өзі тану пәні бойынша күміс жүлдегер атанған Екатерина Жулканич.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қостанай құрама командасының арасынан үш бірдей жүлделі орынды дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тәрбиеленушілері алды. Оларға «Үздік олимпиада мектебі» номинациясы берілді. Қатысушылар өздерінің білімдері және ақыл-парасатымен физика, химия, биология, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
«Олимпиада - бұл тек тапсырмаларды орындау ғана емес, бұл жаңа таныстық, эмоциялар. Келесі жылы дәстүрлі форматтағы олимпиадаға тағы да қатысамын. Әлі бәрі алда», - деп олимпиада алтын медалін алған Қали Асанәлі өз әсерімен бөлісті.
Қостанай қаласының физика-математика лицейінің, Рудный қаласы, Федоров және Сарыкөл ауданының №5 гимназиясының оқушылары өз білімдерін дәлелдеді.
Биыл жүлдегерлердің тең жартысы – 11-сынып түлектері. Оларды жаңа өмір жолы күтіп тұр. Олимпиададағы жетістік Ұлттық бірыңғай тестілеудің балдарына тең болған кезде басымдылық бере отырып, мемлекеттік білім грантын алуына жеңілдік берілмек.
Комментарии