Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Алтынайдың» жұлдыздары

Дата: 25.05.2021 Рубрика: Патриот
366
0
«Алтынайдың» жұлдыздары

Біздің шығармашылық ұжым жыл сайын есепті концерт беруді дәстүрге айналдырған. Облыстық балалар шығармашылығы мектебінің «Алтынай» халықтық би ансамблінің құрылғанына биыл 18 жыл толды.

Шығармашылық кеште кіші, орта және жоғары топтың бишілері өнер көрсетті. Балалардың биінен бастап халық шығармалары, классикалық және бал билері көрініс тапты. Сонымен қатар, біздің қыздар «Сиқырлы сандық», «Ритмы Кавказа», «Пламя сердца», «Озорницы», «Балдырған» сынды жаңа туындыларды биледі. Ең есте қалар тұсын айтатын болсақ, ансамблдің кіші тобы «Маша мен аю» музыкалық-театрландырылған көріністі көрермендер назарына ұсынды.

-Біз бұл кешке көп дайындала алған жоқпыз. Би сабақтары жарты жылдай онлайн өтті. Биылғы ерекшелігіміз, уақыттың тығыздығына қарамай жаңа қойылымдарды жарты жылдың ішінде дайындап шығардық. Десе де бишілер әр нөмірді керемет алып шықты. Алған әсерім керемет. Әрқайсысына қарап сүйсініп отырдым. Сондықтан шәкірттерім үкілеген үмітімді ақтады деп айта аламын. Қанаттары талмасын. Олардың ата-аналарына алғысым шексіз, -дейді ансамбль жетекшісі Салтанат Нұрымова.

Биыл өзім баратын хореографиялық ансамбльдің құрылғанына бері шыққан биігі аз емес. Бұған дейін де Сочиде өткен халықаралық өнер байқауында әлемнің бірнеше елінен келген бишілерден басым түсіп, жүлделі орындарды қанжығаладық. Сондай-ақ, біздің ансамбль халықаралық дәрежедегі «Күншуақ», «Звездный танец», «Танцевальная волна», «Тәңір күбірі», «Volnafest Sochi» байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал ұжымның бүгінгі күні қол жеткізген биіктеріне жетекшіміз Салтанат Нұрымованың еңбегі зор.

Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ,

оқушы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!