Еліміз тыныш болсын
9 мамырда Қазақстанда дәстүрлі түрде Ұлы Жеңіс күніне байланысты көптеген іс-шаралар өтеді. Бұл шарадан біздің өңірдің оқушылары да шет қалмады.
Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебінде Жаужүрек полкі басталды, "Жеңісті мадақтаймыз" әскери техникасының көрмесі, робототехника бойынша көрсетілім ұйымдастырылды. Ал Меңдіқара ауданының балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Рудный қаласының балалар тәрбие-сауықтыру кешенінде "жүрекпен есте сақтайық...", "Батырларға мәңгілік естелік!» "Біз сарбазға одақ құрамыз", " Ғажайып алаң" зияткерлік ойыны," «Батырларды мадақтаймыз» сияқты шаралар кезегімен өтті. Сарыкөл ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде "Есімде, мен мақтанамын" акциясы өтті, онда балалар ҰОС қатысушыларымен өз фотосуреттерін, "Жеңіс терезелері" байқауын ұсынды, осы байқаудың шарты терезені суретпен және алғыс сөздермен ресімдеу болды, балалар аудандық веложарысқа қатысты.
Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінде "Ұлы Отан соғысының батыры" акциясы өтті. "Жас талант" инновациялық медиа-жобасының финалисті - Кристина Пличко ҰОС Батыры Мәлік Ғабдуллинның әңгімесін ұсынды. Міне, әр мектепте осы сияқты шаралар өте көп болды. Бастысы балғындар бұл мерекенің маңызын ұғынып, бейбіт күннің қадірін түсінгендей. Еліміз тыныш болсын.
Арлан Асқар.
Комментарии