Ұстанымды қалыптастыр
Мектептегі пікірсайыс қозғалысын дамытудың өзектілігі бүгінгі күні маңызды және білім алушылардың отандық тарихқа, өлкетануға, мәдениетке, тілге және тағы басқа қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, пікірталас қозғалысы балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құрдастарымен және ересектермен шығармашылық қарым-қатынас жасауға, өзін-өзі тануға және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Қостанай ауданында қазіргі уақытта жаңа дебат үйірмелері мен клубтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі Әйгерім Сакупованың жетекшілігімен «Пікір» пікірсайыс клубы пікірталас қозғалысының дағдыларын игеру бойынша алғашқы қадамдарды жасап, ашылуға дайындалуда. Айта кету керек, «Пікір» клубы ағымдағы жылдың сәуір айында бірыңғай мектеп дебат турниріне қатысты.
Айзия Қыдырбек.
Комментарии