Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақын жолы өнеге

Дата: 27.04.2021 Рубрика: Патриот
350
0
Ақын жолы өнеге

Қостанай ауданының балалар өкілдіктерінің мүшелері Қостанай аудандық мәдени-демалыс орталығымен, Тобыл қаласының орталық аудандық балалар кітапханасымен бірлесіп, жазушы, ақын және Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған әдеби кездесу өткізді.

Кездесуге Қостанай облысының балалар өкілдіктерінің мүшелері мен басшылары қатарынан қонақтар қатысты. Сондай-ақ, қонақ ретінде балаларға арналған кітаптардың авторы, Сормов бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахытжамал Ажигалиева шақырылды. Кездесу барысында қатысушыларға Олжас Сүлейменовтың өмірі, отбасы және шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылып, мәдени-демалыс орталығының «Шабыт» вокалдық тобы музыкалық өнер көрсетті. Қостанай ауданының балалар өкілдіктерінің мүшелері Олжас Сүлейменовтың «Поэзия әлемінен», «Жер», «Адамға тағзым ет» поэмасынан үзінді, «Табиғат суреті», «Язык отцов, язык тысячелетий», «Нағыз дос», «Разлив» шығармаларын оқыды. Кездесу соңында викторина өткізілді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!