Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Болашаққа жоспарым көп

Дата: 27.04.2021 Рубрика: Патриот
487
0
Болашаққа жоспарым көп

Барлық бала мультфильм көргенді ұнатады. Себебі, мультфильмдер балаларға да, ересектер де ерекше ұнайды. Ал Әулиекөл ауданы, Москалев ауылының тұрғыны Бекасыл мультфильмді көргеннен гөрі оны өзі түсіргенді жақсы көреді. Ауылда тұрса да, кейде интернет нашар болып жатса да ештеңеге қарамастан еңбектеніп мультфилм түсіріп, оны интернетке жүктейді. Әзірге тарихи тақырыптарды қамтып жүр. Бірақ келешекте одан да басқа тақырыптарды түсірсем деген мақсаты бар. Айтпақшы ол жақында осы тақырыпты зерттеп, ғылыми жұмыс жазып, тіптен байқауға да қатысып, жүлделі болыпты. Қарапайым ұялы телефонмен мультфильм түсіріп, талаптанып жүрген бесінші сынып оқушысы Бекасыл Бекзатұлымен сұхбаттасқан едік.

-Бекасыл, мұндай қызықты істі қалай бастадың?

-Алғашында блогерлікке қызығатынмын. Өзімнің каналымды ашып, ауыл балаларының өмірін түсіріп салып жүрдім. Кейін лего ойыншықтарын құрастырып, шағын мультфильмдер түсіріп сала бастадым. Өзімнің көрермендерім бар.

-Бір мультфильмді түсіру үшін қанша уақыт кетеді?

-Ол үшін көп уақыт керек. Әр қимылда қаншама кадр жатыр. Мән-мағынасына қарай музыка, дыбыс қосамын. Монтаждаймын дегендей. Қимыл дегеніміз бірнеше кадрдан тұрады ғой. Оны түсірмес бұрын ой арқылы бір оқиға, яғни сценарйиін құрастырып аламын. Сосын барып соны түсіремін. Әзірге маған тарихтағы соғыс тақырыптары ұнап жүр.

-Өзің осы саланы қатты ұнататын сияқтысың?

-Мен ол жайлы жан-жақты қарап, зерттеуге тырыстым. Осы салаға қызығып жүргендіктен мультфильмдердің қалай жасалатыны туралы көбірек білгім келді. Ғылыми жұмысты нақты осы тақырыпқа бағыттағаным да сондықтан. Жұмысты жазу барысында барысында біз мультфильмдер жасау бір қарағанда қиын емес екенін түсіндім. Оқушылардың мультипликация саласында легоны қолдану арқылы анимация көрсете алатын қабілетін дамытуға болады. Ауыл жағдайында қосымша сабақтар арқылы білімдерін көтеру, білім мен жұмыстың тәжірибелік дағдыларын меңгергені маңызды.

-Егер техникалық құрал-жабдықтар бар болған жағдайда, тіпті баланың өзі де мультфильмдер жасай алады демексің ғой.

-Әрине, бұл бір күндік жұмыс емес, дамытып зерттеу үшін уақытты талап етеді. Шыдамдылықты қажет етеді, қиялдау, ойлау, елестету, ойлап табу бұның бәрі адамды дамытып, қиялын ұштай түседі. Тіптен бала қиялына шектеу жоқ болғандықтан бүгінгі технологияны қолдана отырып, небір дүниелерге қол жеткізуге болатынын түсіндім. Ауылда тұрсаң да, қала да тұрсаң да маңызды емес. Маңыздысы қиялға беріліп, өзіңе сену.

-Болашақта қандай жоспарың бар?

-Информатика пәнінен оқу бағдарламасында анимация – мультипликация тақырыптары қарастырылмаған. Сондықтан, алдағы уақытта информатика сабағынан қосымша сабақтар жүргізілуі керек деп ойлаймын. Лего конструкторлармен қоса ермексаздан жасалған суреттерді қозғалту, түрлі-түсті қағаздардан кескіндерді ойнату арқылы анимация жасаудың мүмкіндіктерімен танысар едік. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тəжірибесінде тиімді қолдану, ең алдымен оқушыларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Бұл балаға жаңа көкжиекке жол ашады. Қиялын ұштайды. Өзі жасаған дүниесін көпшілікпен бөлісе отырып, өзіне сене алады. Бұл – бала үшін үлкен бастама.

-Бекасыл, саған сәттілік тілейміз. Талабың ұштала берсін.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!