Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шешен бала сөз бастар

Дата: 27.04.2021 Рубрика: Патриот
402
0
Шешен бала сөз бастар

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін ақпараттық жариялау шеңберінде Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы Балалар шығармашылығы үйіне экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында "Бірлік" және "Наушабай ұландары" дебат клубтарының пікірсайысшылары өз ойындарынан қысқаша көрсетілім көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта, Қостанай ауданының жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар турнирлерге қатысатын пікірсайыс клубтары мен үйірмелері жұмыс істейді. Мысалы, «Дебаты» - Заречный мектеп-лицейі, «Ақиқат» - Айсары жалпы білім беретін мектебі, «Лидер» - Балықты негізгі орта мектебі, «Парус» - Владимиров жалпы білім беретін мектебі,«Ақжол» - Садчиков жалпы білім беретін мектебі, «Болашақ» - Совхоз жалпы білім беретін мектебі, «Диспут» - Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі. Олардың барлығы да баланы сөзге шешен, ойға ұшқыр болып өсуіне әсері мол.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!