Үлгілі отбасылар марапатталды
Дата: 15.07.2025 Рубрика: От всей души
0
264
0

Әр отбасының өз ерекшелігі бар. Біреулердің отбасы спортпен шұғылданады, енді біреулер ән салып, домбыра тартады.
Кейбір отбасылар бірге кітап оқиды немесе табиғатқа жиі серуенге шығады. Отбасы бақыты шалқыған жанұялар біздің арамызда көп.
Кейбір отбасылар бірге кітап оқиды немесе табиғатқа жиі серуенге шығады. Отбасы бақыты шалқыған жанұялар біздің арамызда көп.
Рудный қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті. Бұл сайысқа сегіз отбасы қатысып, өздерінің тату, еңбекқор және өнерлі екенін көрсетті. Жеңімпаздарды қала әкімі Виктор Ионенко құттықтап, сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Байқауға қатысқан отбасылардың көбі – ұстаздар мен жұмысшы маман иелері. Олар – бала тәрбиесінде, еңбекқорлық пен бірлікте бәрімізге үлгі.
Милақатовтар отбасы – осындай үлгілі жанұяның бірі. Отағасы Нұрымжан аға мен жұбайы Альбина апай – екеуі де мұғалім. Олар үш бала тәрбиелеп отыр. Балалары – өнерлі әрі спортқа бейім. Бұл отбасын марапаттау кезінде олардың ата-анасы келіп, балаларының жетістігі туралы мақтанышпен айтып берді. Айтпақшы, Нұрымжан аға республикалық сайыстан көлік жеңіп алып, Қостанай жастарының «Алтын кітабына» енген екен!
Тағы бір өнерлі отбасы – Андрей Иванов пен Шолпан Кенжетаева. Бұл интернационалды отбасы екі қыз тәрбиелеуде. Екеуі де – ұстаз. Карабановтар отбасының тірегі Владимир аға «Качары руда» кәсіпорнында жұмыс істейді. Жұбайы Екатерина апай – бастауыш сынып мұғалімі. Қызы Арина – би үйірмесіне қатысады.
Ал Түменбаевтар отбасы да көпке үлгі. Әкелері Меңдібек аға – полицияда жұмыс істейді. Анасы Әсем апай – тілдерді оқыту орталығында қызмет атқарады. Бұл отбасында да үш бала өсіп келеді.
Сайыс қорытындысы бойынша, Бөрібаевтар мен Писаренко отбасылары жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қалған отбасыларға да алғыс хаттар мен тұрмыстық техникалар табысталды.
– Отбасы – қоғамның тірегі. Осындай мейірімді, тату жанұялар көп болса, болашағымыз да жарқын болары анық! – деді қала әкімі Виктор Ионенко.
Ал, балалар, сендердің отбасыларың несімен ерекше? Сол туралы бізге жазып, хат жолдаңыздар.
Рудный қаласы
Комментарии


