Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ардагер Қасымхан ата 100 жасқа толды

Дата: 23.09.2025 Рубрика: От всей души
82
0
Ардагер Қасымхан ата 100 жасқа толды
Қостанай қаласында ерекше мерекелік кеш өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, айтыскер ақын, облыстың Құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлы ғасыр жасқа – 100 жасқа толды!
Мерейтой иесін жұртшылық зор қуанышпен, тік тұрып, ұзақ қол шапалақпен қарсы алды. Бұл – ел ағасына деген халықтың үлкен құрметі еді.
Қасымхан ата 1925 жылы Қамысты ауданындағы Талдыкөл ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекқор болып өскен ол 1943 жылы әскерге шақырылып, соғысқа аттанды. Майдан даласында парашютпен секіріп, батырлық көрсеткен. Оның ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін бейбіт өмірде қалам ұстап, журналистік қызметпен айналысты. Ақындар айтысына қатысып, Қостанайдың намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Қазақтың руханиятына еңбек сіңіріп, көптеген жасқа үлгі болды.
Мерейтойда облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы, ақын-жазушылар, әріптестері жылы лебіздерін білдірді.
Кеш барысында жас өнерпаздар ән шырқап, күй тартты. Арнайы көрме ұйымдастырылып, Қасымхан атаның өмір жолы мен соғыс жылдарындағы ерлігін танытатын суреттер мен құжаттар қойылды.
Салтанатты кеш соңында Қасымхан Алдабергенұлы жиналғандарға жүрекжарды батасын берді. Бұл мерейтой – тек Қостанайдың ғана емес, күллі қазақ елінің мерейін өсірген үлкен қуаныш.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!