Бірлігіміз жарасқан
"Строительный" кітапхана-филиалы қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күніне "Қазақстан халқының бірлігі" достық фестивалін өткізді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Жүргізуші ел тәуелсіздігінің қалыптасуының 30 жылы ішінде өткен қиын және табанды жол туралы айтып берді. Бейбітшілік пен келісім саясатының арқасында ұмытылған халық дәстүрлері, ұлттық мерекелер, көрнекті ақындар мен композиторлардың есімдері қалпына келтірілгені жайлы мәліметтер берді. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың "Құлақтан кіріп, бойды алар" атты өлеңі оқылды. Кітапханаға Ринад Бектеміров, "Дуслык" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы және "Шарк" тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Хасан Холметов келіп, барлық қатысушыларға жақсылық пен бірлік тіледі.
Мерекеге қатысқан балалар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін "Өркендеу мен әл-ауқат аумағы" кітап көрмесінің материалдары арқылы танысты. Фестивальдің жұлдыздары болып "Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының" лауреаты Жанна Таласпаева, "Жұлдыз" домбыра тобының, "Тарлан" хореографиялық тобының, № 8 мектеп оқушыларының орындауындағы музыкалық нөмірлер көрсетілді. Іс-шара шашу рәсімімен аяқталып, фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді.
-Осындай жарқын, қанық мереке, бірқатар ұлттардан тұратын бірлік пен келісім құндылықтарын ұғынуға мүмкіндік береді, оң көңіл-күй қалыптастырады, - дейді кітапхана оқырманы А.Шаракулова.
Комментарии