Үздіктер анықталды
Қаламыздағы техникалық шығармашылық мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиеленушілері арасында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оның аясында «Ғарыш және оны зерттеу», «Баламалы энергия көздері», «Заманауи көлік», «Болашақ мектебі» номинациялары бойынша инновациялық жобаларды қорғау өтті. Мектеп педагогтері арасынан білікті қазылар алқасы бағалайтын алты маңызды жоба ұсынылды: Н. П. Дабижа, Н.С. Сыздыков, А.С. Оспанов.
Балалар ұсынған жобалар қазылар алқасының ғана емес, сонымен қатар барлық техникалық бағыттағы үйірмешілер қатарындағы тыңдаушылардың да қызығушылығын тудырды. Конференция қатысушыларына сұрақтар қойылды, олар сұрақтарға механика, электр, құрылыс, авто, әуе, кеме үлгілеу, сәулет саласындағы терең танымдарын көрсете отырып, сәтті жауап берді. Қазылар алқасы ең лайықтыларды таңдап, жүлделі орындарды
1 орын – Вечер Роман;
2 орын – Доник Илья;
3 орын – Калиев Таир иеленді.
Комментарии