Туған жер тұтастығы
Білім алушылардың бойында әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды тәрбиелеу, этносаралық және ұлтаралық қатынастар мәдениетін көтеру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында Қостанай ауданының білім беру ұйымдарында Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған «Қазақстан - дос халықтар отбасы», «Туған жер тұтастығы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Мамыр айының алғашқы күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет.
Қостанай ауданының білім беру ұйымдарында этномәдени бірлестіктердің өкілдері болып табылатын мектеп білім алушыларының отбасылары арасында құттықтау челленджі жарияланды.
Комментарии