Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қыз қылығымен

Дата: 04.05.2021 Рубрика: Новости
489
0
Қыз қылығымен

Мичурин жалпы білім беретін мектебінде «Қызғалдақ» қыздар клубының кезекті отырысы өтті. Осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп ұжымының бастамасымен «Қызғалдақ» қыздар клубы құрылған болатын. Клуб ұлттық дәстүр мен сананы дәріптеп, енді ғана тұлымдары желкілдеп өсіп келе жатқан бойжеткендерімізді игі істерге ұйытуды мақсат етті. Бұл бағытта өнімді жұмыстар атқарған ұйым мүшелері бүгінге дейін көптеген танымдық, мәдени шара ұйымдастырды.

«Қызғалдақтың» қыздары әр отырыс сайын қоғамдық бірлестіктер, мәдени мекемелердің өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Тәрбие мен дәстүрді ұштастырған рухани шараға А.Байтұрынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректорының кеңесшісі, Қостанай облысы әйелдер күштері альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова және Қостанай облыстық маслихат депутаты, «Евразия банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшысы Қырмызы Жанбыршина қатысты.

Танымдық кеш барысында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Ханзада Тулекина қыздар арасында жақсы көңіл-күй сыйлайтын тренингпен бастады. Одан бөлек, клуб тәрбиеленушілерімен келген қонақтарға шашу ретінде жылы лебіздер жазылған ұйымның эмблемасы жапсырылған тәтті таратты.

Сонымен бірге, күміс алқа иегері, көпбалалы ана, бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Жанділда тәлімді дәріс өткізіп, қыз тәрбиесі туралы танымдық ойын ұйымдастырып, шаш өруден шеберлік сағатын көрсетті.

-Ұйымның құрылуы, осы шаралардың өткізілуі тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың бірден бір жолы. Себебі, әр қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Халықтың болашағы қыздың тәлім-өнегесімен тікелей сабақтас екені белгілі. Осындай игі мақсаттарды көздеп, мектеп жанынан «Қызғалдақ» қыздар клубын құрдық. Ізгі ниетіміз жемісін беріп жатыр. Бойжеткендеріміз қоғамдық шараларға атсалысып, өздерін жақсы жағынан танытуда. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен сусындаған қыздарымыз ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз, - дейді «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Ханзада Тулекина.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!