Ақынның үш кітабы оқырманға жол тартты
Дата: 01.09.2026 Рубрика: Наследие предков
0
7
0

Қостанайда белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің үш бірдей жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Қаламгердің «Ақылды ара», «Көңілдегі көрікті сөздер» және «Құлып туралы ақиқат» атты еңбектері оқырманға жол тартты.
Жаңа кітаптардың ішінде балаларға арналған «Ақылды ара» жинағының орны ерекше. Өйткені жас оқырманға қызықты, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні бар қазақ тіліндегі шығармалар әрдайым қажет. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен ақын бүлдіршіндерге табиғаттың тылсым сырын танытып, еңбекқорлық пен ізденіске баулитын шығарма ұсынған. Кітаптың басты кейіпкері – кішкентай ғана ара. Бірақ оның атқаратын еңбегі аз емес. Ара гүлден гүлге қонып, тынымсыз еңбек етеді, табиғатқа пайдасын тигізеді. Автор осы еңбекқор жәндіктің тіршілігі арқылы балаларға қарапайым әрі маңызды ойды жеткізеді: әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқор болуға ұмтылуы керек. «Ақылды ара» балалардың табиғатқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды қоршаған әлемге жанашырлықпен қарауға үйретеді. Кішкентай оқырман кітапты оқи отырып, араның тіршілігімен танысып, еңбектің қадірін түсіне алады.
Ал «Көңілдегі көрікті сөздер» жинағы – ақынның өмірден түйген ойлары мен жүрек сүзгісінен өткен қанатты сөздерінің топтамасы. Қысқа да нұсқа нақылдарда үлкен мағына жатыр. Автор адамгершілік, достық, еңбек, білім, ел мен жер, жақсы сөз бен жақсы іс туралы ой қозғайды. Кейде бір ауыз жақсы сөздің өзі адамның көңілін көтеріп, дұрыс шешім қабылдауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан бұл кітапты жас оқырман үшін де пайдалы дүниелердің бірі деуге болады. Өйткені кітаптағы тағылымды ойлар баланы жақсы сөз айтуға, үлкенді сыйлауға, достықты бағалауға, білімге ұмтылуға тәрбиелейді.
Ал «Құлып туралы ақиқат» кітабының көтерер жүгі сәл өзгеше. Мұнда автор қоғамдағы өзгерістер мен адам болмысына қатысты философиялық ойларын ортаға салады. Кітап атауына алынған құлыптың өзі – қарапайым ғана тұрмыстық зат. Бірақ ақын осы заттың мағынасына үңіле отырып, үлкен мәселе көтереді. Бұрын адамдар үйлерінің есігін құлыптамай-ақ, бір-біріне сеніммен өмір сүрсе, бүгін қауіпсіздік үшін бірнеше құлып қолдануға тура келеді. Осы қарапайым өзгеріс арқылы автор адамдар арасындағы сенімнің азайғанын, мейірім мен өзара құрметтің қадірін ой елегінен өткізеді.
Үш кітаптың әрқайсысының тақырыбы бөлек болғанымен, оларды біріктіретін ортақ желі бар. Ол – адамды жақсылыққа, еңбекке, ойлануға және ізгілікке шақыру. Кітап тұсаукесерінде Ақылбек Шаяхмет өзінің шығармашылық жолы мен бұған дейін жарық көрген еңбектері туралы да әңгімеледі. Қаламгердің айтуынша, оның 14 томдық шығармалар жинағы «Фолиант» баспасы арқылы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен жарық көрген.
«14 томдық шығармалар жинағымды «Фолиант» баспасы арқылы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен шығардым. «Издательский дом» баспасына да алғысымды айтқым келеді», – деді қаламгер.
Жаңа кітаптардың тұсауын «Қарлығаш» баспа үйінің директоры Әбутәліп Әмір, Қостанай облысының «Бірлік» әзербайжан қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі әрі төрағасы Рафаил Сададдинұлы және Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана басшысы Сәния Безаубек кесті. Тұсаукесер барысында қаламгердің шығармашылығы мен азаматтық болмысына жылы лебіздер айтылды. «Қарлығаш» баспа үйінің директоры Әбутәліп Әмір Ақылбек Шаяхметпен ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
Балаларға арналған кітаптың жарық көруі – әдебиет әлеміндегі әрдайым қуанышты жаңалық. Себебі баланың кітапқа қызығушылығы оның дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын байытып, қиялын дамытады. Ал ана тіліндегі сапалы шығармалар жас оқырманның қазақ тілін тереңірек меңгеруіне де ықпал етеді. Үш кітаптың тұсаукесері – бір қаламгердің жаңа еңбектерін таныстырумен ғана шектелмеген тағылымды басқосу болды. Бұл – кітаптың, әдебиеттің, ана тілінің және жақсы сөздің қадірін тағы бір мәрте еске салған мәдени шара. Ақынның әр шығармасынан адамды ізгілікке, білімге, еңбекке және жақсы іске ұмтылуға үндейтін ой байқалады. Ендеше жаңа кітаптар да өз оқырманын тауып, әсіресе жас буынның жүрегіне жол табары анық. Өйткені жақсы кітап – баланың досы. Ал бала жүрегіне жақсылықтың дәнін сепкен әрбір шығарма – болашаққа жасалған ізгі қадам.

Комментарии