Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өлеңмен өрілген өнегелі өмір

Дата: 08.09.2026 Рубрика: Наследие предков
6
0
Өлеңмен өрілген өнегелі өмір

Белгілі ақын мен Қостанай көшелерінің бірін не байланыстырады? Бұл сұрақтың жауабын Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақ КСР халық ақыны Мәриям Хәкімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өлеңмен өрілген өнегелі өмір» атты кітап көрмесінен табуға болады.
Кітап көрмесі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, аудармашы әрі журналист Мәриям Хәкімжанованың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрмеден ақынның «Шығармалары», «Перевалы», «Таңдамалы» кітаптарын және оның шығармашылық жолы туралы түрлі жарияланымдарды кездестіруге болады.
Мәриям Хәкімжанова – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Оның өлеңдерінен туған жерге деген сүйіспеншілік, адамға деген құрмет, ана мен бала тақырыбы, еңбек пен елдік мұрат көрініс табады. Ақын шығармалары бірнеше буын оқырманын ізгілікке, отансүйгіштікке үндеп келеді.
Көрмені тамашалаған оқырмандар ақынның әдеби мұрасымен танысып қана қоймай, оның өмір жолы, шығармашылық ортасы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы тың деректер біле алады.
Ал енді шағын кітапханалық жұмбаққа кезек берейік, Мәриям Хәкімжанованың есімімен аталатын Қостанай көшесінің бұрынғы атауы қандай болған? Білесіз бе? Өз нұсқаңызды пікірге жазып көріңіз!
Ал нақты жауабын білгіңіз келсе, кітапханаға келіп, «Өлеңмен өрілген өнегелі өмір» көрмесімен танысыңыз. Өйткені кейбір тұлғалардың есімі кітап бетінде ғана емес, туған өлкенің көшелері мен қаланың тарихында да сақталады. Мәриям Хәкімжанованың мұрасын бірге танып, ақын өмірінің өнегелі беттерін бірге парақтайық!

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!