Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Абай даналығы – жастарға үлгі

Дата: 25.08.2026 Рубрика: Наследие предков
4
0
  Абай даналығы – жастарға үлгі
Хәкім Абай – қазақ халқының рухани темірқазығы, парасат пен білімнің сарқылмас бұлағы. Ұлы ақынның артында қалдырған мол мұрасы мен ғибратты сөздері – әрбір өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілік нәрін себетін асыл қазына. Балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі танымды өткізу, оларды ұлттық құндылықтарға баулу – кітапханамыздың басты мақсаттарының бірі.
Жазғы демалыс – балалар үшін тек демалу уақыты ғана емес, сонымен бірге рухани тұрғыдан толысып, танымын кеңейтетін тиімді кезең. Осы орайда, Рудный қалалық Мемлекеттік тілдегі кітапхананыңұйымдастыруымен Б.Майлин атындағы №7 мектеп-­гимназиясының жазғы сауықтыру лагері оқушыларының қатысуымен зор тағылымды шара өтті. Ұлы хәкім Абай Құнанбайұлының мол мұрасын дәріптеуге арналған «Абай даналығы – жастарға үлгі» атты әдеби-­сазды кеш өскелең ұрпақтың жүрегіне ізгілік нәрін септі.
Шара шымылдығы ақынның ғибратты өмір жолы мен шығармашылық қызметінен сыр шертетін бейнероликті тамашалаумен ашылды. Визуалды ақпарат арқылы Абай әлеміне саяхат жасаған оқушылар, кейіннен ақынның өлеңдерін еске түсіріп, мәнерлеп оқудан өзара бақ сынасты. Балалар тек өлең оқып қана қоймай, әр туындының тәрбиелік мәні мен мағынасына үңіліп, өз ойларын еркін жеткізді. Кештің ажарын кіргізген сәт – жиналған қауымның қазақ әнінің төресіне айналған «Көзімнің қарасы» шығармасын бір кісідей қосылып, тебірене шырқауы болды.
Хәкім Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі. Шара барысында кітапханашылар балалармен бірге ақын өсиет еткен «бес асыл іс» пен «бес дұшпанды» еске түсіріп, жаман әдеттерден аулақ болудың, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңірудің маңыздылығын кеңінен талқылады. Сондай-ақ, оқушылардың ұшқырлығын сынаған «Жалғасын тап» ойыны мен «Абайды қаншалықты білесің?» атты танымдық викторинасы балалардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Абайдың сарқылмас қазынасы мен даналық сөздері қай заманда да жастар үшін бағдаршам болып қала бермек. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты адалдық пен білімге баулып, ұлттық рухын биіктетеді.Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған әдеби кеш өз деңгейінде өтті. Кітапхана ұжымы ұйымдастырған бұл шара мектеп оқушыларына ұлылардың ұлағатын ұғындырып, жазғы демалыстарын мазмұнды өткізуге зор септігін тигізгені анық.
А. Шаймерденова

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!