Тәрбие – атадан, тағылым – әжеден
Дата: 07.07.2026 Рубрика: Наследие предков
0
6
0

Рудный қаласында ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін «Аталар мектебі» мен «Әжелер мектебі» табысты жұмыс істеп келеді.
Ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы бірлігін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет қағидаларын дәріптеуді мақсат еткен бұл бастама жастарға тәлім-тәрбие берудің маңызды алаңына айналды. Осы мектептердің белсенді мүшесі, ардагер ұстаз әрі қоғам қайраткері Тілеуқабыл Жаңбыршымен ұлттық тәрбие, отбасы құндылығы және бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы әңгімелескен едік.
– Жаңбыршы аға, өзіңізді балаларға таныстырып өтсеңіз. Балалық шағыңыз қалай өтті?
– Мен – Тілеуқабыл Жаңбыршы. Шын атым – Халиолла. 1953 жылдың 18 сәуірінде Ұлытау мен Торғай өңіріне ортақ Ұлы Жыланшық өзенінің бойында дүниеге келдім. Балалық шағым Наурызым ауданындағы Сулы бөлімшесінде өтті. Бір үйдің жалғыз ұлы болдым. Әкем мені кішкентайымнан еңбекке баулыды. Үшінші сыныпты бітірген жылы үй сала бастадық. Сол кезде лай илеп, саман кірпіш құйып, құрылыс жұмысына араластым. Одан бөлек, су тасып, бұзау бағып, құстарды күтіп, қой кезегіне шығып жүрдім. Жаз шыға шөп шабу науқаны басталатын. Таңғы бестен кешкі жеті-сегізге дейін үлкендермен бірге еңбек ететінмін. Сол еңбектің арқасында төзімділікке, жауапкершілікке және үлкенді құрметтеуге тәрбиелендім.
– «Аталар мектебі» дегеніміз не? Оның басты мақсаты қандай?
– «Аталар мектебі» – ұлттық тәрбиенің алтын көпірі. Оның басты мақсаты – ата-бабадан қалған салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа аманаттау. Біздің кездесулерімізде жастарға өткенді құрметтеудің, ұлттық тәрбиені қазіргі өмірмен ұштастырудың жолдарын түсіндіреміз. Қазақ халқының ар-ұят, ақыл, махаббат, парасат, мейірім, шапағат секілді асыл қасиеттерін дәріптейміз. Қарттардың өмірлік тәжірибесі – үлкен мектеп. Олар қилы кезеңдерді бастан өткерген жандар ретінде кейінгі буынға бағыт-бағдар бере алады. Сондықтан аталар мен әжелердің ақылы – тәрбиенің сарқылмас қазынасы.
– Бүгінгі ата-аналар мен балаларға қандай ұлттық дәстүрлерді ұмытпауға кеңес берер едіңіз?
– Ең алдымен, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін ешқашан жоғалтпауымыз керек. Амандасу, бата сұрау, дастарқан басындағы әдеп, қонақ күту, жеті атасын білу – бұлардың бәрі қазақтың тәрбиесінің негізі. Балалар қазақ ертегілерін, батырлар жырын, халық ауыз әдебиетін көбірек оқыса екен деймін. Себебі ұлттық рух кітап арқылы қалыптасады. Өз ана тілін құрметтеп, салт-дәстүрін білетін бала елін де, жерін де сүйетін азамат болып өседі.
– Үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болуды балаға қалай үйретуге болады?
– Мұны сөзбен емес, ең алдымен, ісімізбен көрсетуіміз керек. Бала ата-анасының әр әрекетіне қарап өседі. Егер үйде ата-әжеге құрмет көрсетілсе, бала да соны бойына сіңіреді. Баланы кішкентайынан еңбекке баулу маңызды. Үй шаруасына араласып, жауапкершілік алған бала үлкеннің еңбегін бағалайды. Сондай-ақ үлкендердің әңгімесін тыңдап, батасын алуға тәрбиелеу қажет. Осындай қарапайым дүниелер баланың адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
– Немерелеріңізбен немесе балалармен бірге өткізетін қандай дәстүрлеріңіз бар? Олар отбасын қалай жақындастырады?
– Немерелеріммен жиі әңгімелесемін. Қазақтың тарихын, шежіресін, салт-дәстүрін айтып беремін. Бата беруді, үлкенге сәлем беруді, туған жерді құрметтеуді үйретемін. Отбасы болып дастарқан басына жиі жиналудың өзі үлкен тәрбие. Осындай басқосуларда әркім өз ойын айтып, үлкендердің ақылын тыңдайды. Бұл ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, отбасының бірлігін арттырады.
– Балалар газетінің оқырмандарына қандай ақыл-кеңес пен жүрекжарды тілегіңізді арнар едіңіз?
– Ең бастысы – кітап оқыңдар. Телефон мен компьютерді орнымен пайдаланыңдар. Өкінішке қарай, бүгінде балаларды ата-ана мен мектептен бұрын ұялы телефон тәрбиелеп бара жатқандай көрінеді. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, білімге ұмтылу өте маңызды. Қазақтың тарихын, әдебиетін, батырлары мен билерін танып өсіңдер. Ана тілдеріңді құрметтеңдер. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болыңдар. Сонда ғана елін сүйетін, білімді де тәрбиелі азамат болып қалыптасасыңдар. Барлығыңа денсаулық, білім, ізгілік және жарқын болашақ тілеймін.
– Рудный қаласында отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында қандай жұмыстар атқарып жүрсіздер?
– Рудный қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Біз «Аталар – азамат» жобасы аясында Аталар кеңесі мен Әжелер кеңесінің қатысуымен көптеген тағылымды іс-шаралар ұйымдастырамыз. Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде жастармен кездесулер өткізіп, дөңгелек үстелдер мен тәрбиелік әңгімелер айтамыз. Бұл кездесулерде қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ана тілі, ұлттық тәрбиесі мен отбасы құндылықтары кеңінен насихатталады. Сонымен қатар түрлі ұлт өкілдері арасындағы татулық пен сыйластықты нығайтуға, жастардың бойына елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше мән береміз. Біздің мақсатымыз – ұлттық кодымызды сақтай отырып, тәрбиелі, білімді әрі елжанды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
– Әңгімеңізге көп рахмет.
Айтолқын Айқадамова, Рудный қаласы

Комментарии