Жыр алыбы – Жамбыл
Дата: 30.06.2026 Рубрика: Наследие предков
0
12
0

Ұлы ақын, жырау, айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Аманкелді аудандық кітапханасында «Жыр дүлдүлі Жамбыл – ғасырлар үнін жалғаған ақын» атты әдеби-танымдық шара өтті.
Іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасының өмір жолы мен шығармашылығымен танысты. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға ақынның өмірбаяны туралы мағлұмат беріп, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орнына тоқталды. Сонымен қатар, Жамбыл шығармаларынан үзінділер оқылып, ақын мұрасының тәрбиелік және тарихи маңызы түсіндірілді.
Жамбыл Жабаев – қазақ халқының рухани қазынасын байытқан ұлы тұлға. Ол қазіргі Алматы облысындағы Жамбыл тауының баурайында дүниеге келген. Ақынның есімі туған жерімен байланысты қойылған. Жастайынан домбыра ұстап, жыршылық пен ақындық өнерге ден қойған Жамбыл халық арасындағы айтыстарға қатысып, суырыпсалмалық қабілетімен елге кеңінен танылды.
Ақын өз шығармаларында халықтың мұң-мұқтажын, ел бірлігі мен ерлікті, әділдік пен адамгершілікті жырлады. Оның жалынды жырлары әрдайым халықтың жүрегінен орын тапты. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған шығармалары жауынгерлер мен тыл еңбеккерлеріне рухани күш-қуат берді. Солардың ішінде қоршауда қалған қала тұрғындарына арнаған «Ленинградтық өренім!» өлеңі ерекше орын алады. Бұл шығарма сол кездегі ленинградтықтарға үлкен демеу болып, олардың жеңіске деген сенімін нығайтты.
Шара барысында оқушылар ақынның шығармашылық мұрасы туралы өз ойларымен бөлісіп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер таныстырылды.
Кітапхана қызметкерлері Жамбылдың халық поэзиясын жаңа деңгейге көтергенін, айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ақын қазақ халқының бірнеше тарихи кезеңіне куә болып, өз заманының шежіресін жырмен өрнектеді.
Бүгінде ақынның есімі халық жадында мәңгі сақталған. Оның құрметіне Жамбыл облысы аталып, еліміздің көптеген елді мекендері мен көшелеріне есімі берілген. Ұлы ақынның шығармалары жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып келеді.
«Жыр дүлдүлі Жамбыл – ғасырлар үнін жалғаған ақын» атты шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, қазақтың ұлы ақынының мол мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Комментарии