«Абай әлемі» кітап бұрышы
Дата: 09.12.2025 Рубрика: Наследие предков
0
7
0

Барлық мектептерде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең таныстыру мақсатында «Абай әлемі» атты кітап бұрышы ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында оқушыларға арналған әдеби көрмелер, танымдық сабақтар мен шығармашылық кездесулер өткізіліп, ақынның өмірі мен туындылары жан-жақты насихатталды.
Кітап бұрышында Абайдың өлеңдері, қара сөздері, поэмалары және ұлы ойшылдың тұлғалық болмысын, дүниетанымын ашатын зерттеулер қойылды. Оқушылар ақын шығармашылығының терең мазмұнымен танысып, Абайдың адамгершілік, білімге ұмтылу, әділет пен парасат жайлы құнды ойларын талқылауға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында мұғалімдер Абай мұрасының бүгінгі күнмен үндесуін, ұлттық рухани мәдениеттегі орнын түсіндіріп, оқушыларды кітап оқуға, әдеби мұраға қызығушылықпен қарауға шақырды.
«Абай әлемі» кітап бұрышы мектептердегі әдеби ортаға жаңаша серпін беріп, жас буынның ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыра түсті. Ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Арқалық қаласы

Комментарии