Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ыбырай музейіндегі кездесу

Дата: 20.01.2026 Рубрика: Наследие предков
27
0
Ыбырай музейіндегі кездесу
Ыбырай Алтынсарин музейі ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін насихаттауға бағытталған «Ы.Алтынсарин – педагог-­ағартушы» тақырыбында дәрістер топтамасын ұйымдастырды.
Дәрістерге Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның, №16 және №17 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ұстаздары, сондай-ақ Қостанай облысы Денисов ауданы білім бөлімінің Перелески жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары мен педагогтері қатысты.
Кездесу барысында тыңдаушылар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ даласында зайырлы білім беру жүйесінің қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі, сондай-ақ әдеби және педагогикалық мұрасы туралы жан-жақты мағлұмат алды. Дәрістерде ұлы ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл көзқарасы, ұлттық білім беру ісіндегі орны кеңінен сөз болды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, тыңдаушылар үшін танымдық әрі мазмұнды болды. Мұндай дәрістер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және ұлы тұлғалардың еңбегін терең тануына ықпал етеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!