Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Абай мұрасы – сарбаздар жүрегінде

Дата: 26.08.2025 Рубрика: Наследие предков
79
0
Абай мұрасы –  сарбаздар жүрегінде
Мен, «Киевский» кітапхана-филиалының кітапханашысы ретінде, жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6697-әскери бөлімінде сарбаздармен кездесу ұйымдастырдым. Шарамыздың тақырыбы – «Абай Құнанбаев – халық даналығы» болды.
Бұл кеште ұлы ақынның өлеңдері мен «Өлең сөздері» кітабындағы қара сөздері қазақ және орыс тілдерінде оқылды. Сарбаздар ерекше қызығушылық танытып, викторинаға белсенді қатысты.
Әскери бөлімнің сарбаздары ұлы Абайдың шығармаларын сүйсіне орындап, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін шырқады. Ал рота қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Тілеген Өмір Русланұлы Абай мұрасының, әсіресе халық әндерінің тәрбиелік мәнін атап өтті.
Кеш соңында қатысушыларға «Ұлттың бағажетпес мұрасы – ұлы Абай» атты кітап көрмесін ұсынып, ақын жайлы әдебиеттер мен басылымдарға шолу жасадым.
Абайдың мұрасы – халқымыздың асыл қазынасы. Сарбаздар жүрегіне даналық дәнін себу – мен үшін үлкен мәртебе болды.
 Марияш Молдағалиева,
«Киевский» кітапхана-филиалының кітапханашысы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!