Тілімді байытамын десең, Абайды оқы!
Дата: 26.08.2025 Рубрика: Наследие предков
0
102
0

Тілімізді дамытамыз десек, ең алдымен Абайды оқуымыз керек. Оның асыл сөздері – сөз өнерінің биігі ғана емес, ана тіліміздің байлығы мен сұлулығын танытатын баға жетпес мұра.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы «Достық» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға «Абай – халық жүрегінде» атты ақпараттық сағат өткізді.
Кездесу барысында балаларға Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолының елеулі кезеңдері туралы әңгімеленді. Кітапханашы ұлы ақынның қазақ әдебиеті мен рухани мәдениеттің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, оның шығармалары – халқымыздың мәңгілік қазынасы екенін түсіндірді.
Абай поэзиясы – тек көркем сөздің шыңы ғана емес, ол – ұлттық ой-сананың, халық даналығының айнасы. Ақынның қара сөздері де, өлеңдері де әрбір оқушыны білімге, еңбекке, ізгілікке, туған тілін қадірлеуге тәрбиелейді.
Шара барысында балалар зияткерлік викторинаға қатысып, Абай шығармалары бойынша білімдерін сынап көрді. Олар ақынның өлең жолдарын жалғастырып, қара сөздерінен ой түйді.
Іс-шара соңында әрбір қатысушының жүрегінде ұлы ақынға деген жаңа сезім оянды. Балалар Абайды оқыған сайын өз тілінің қадірін түсінетінін айтты.
Комментарии


