«Бала тілі – бал»
Дата: 27.08.2024 Рубрика: Наследие предков
0
286
0
Жітіқара қаласының 85 жылдық мерейтойы аясында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Бала тілі – бал» аудандық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілге деген құрмет, өнерпаз, дарынды балаларды анықтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақ халқының ән-би күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Жалпы сайыс – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және өзге ұлт бүлдіршіндерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыластары мен қызығушылықтарын арттыру, ұлттық патриотизмді дамыта отырып, тәлім-тәрбие беру және тарихымызды ұлықтау мақсатында өтті.
Сайыс балабақшаның 4-6 жастағы тәрбиеленушілері арасында өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: «Таныс болайық» балабақшаға саяхат мемлекеттік тілде, өз балабақшаларын презентация түрінде таныстырды. «Шығармашылық сайыс» мемлекеттік тілде ән және би орындады. «Дефиле» кезеңінде ата-аналар мен тәрбиешілер қосылып қалдық материалдардан киім үлгісін жасады. Қазақы нақыштағы сән үлгілері бірінен бірі өткен, көздің жауын алып тұрды. Жүргізуші қолдан жасалған киімдерді қалай және қандай материалдан жасалғаны бойынша қорғап шықты.
Сайысқа Жітіқара қаласының «Балапан» бөбекжайы, «Қарлығаш бөбекжайы», ясли-сад «Юбилейное», КМ «Бөбек», және ЖШС «Дружба-97» 5 балабақша қатысты. Барлық балапандар тыңғылықты дайындалған. Сайыс қорытындысы бойынша «Юбилейное» балабақшасы жеңімпаз атанып, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекеде Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф.Г.Балашовтың алғыс хаты және Тілдерді оқыту орталығының қорынан ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен қатысушыларға диплом, алғыс хаттар және балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.
Т.Ж.Медетбаева,
Жітіқара ауданы
Комментарии