Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Атадан қалған текті өнер

Дата: 05.11.2024 Рубрика: Наследие предков
324
0
Атадан қалған текті өнер
Әлемнің сексеннен астам елінен келген меймандар қазақ аналарының қол-
өнеріне тәнті болып, Ұлы дала елінде рухы мықты ел барына көз жеткізді. Сақ-қассақ ғұрпынан қалыптасып, Томирис, Зарина патшайым салып кеткен шынайы шеберліктің үлгісі бесінші халықаралық көшпенділер ойындарында дәріптелді.  
Қазақтың құрағын әлемге танытуды көздеп келе жатқан аламан құрақ жобасына былтыр Қазақстанның барлық облыстары атсалысқаны есімізде. Рәміздер күні қарсаңында елорданың тәуелсіздік алаңына кілем тәріздес көздің жауын алатын құрақ жайылғантын.Облыстың атынан қатысқан Ботагөз Көшербаева, Айжан Сақтапбергенова, Құралай Молдабаевалардың есімі Қазақстанның КиНЭС рекордтар кітабына жазылып, қолөнер тарихына кірді. Биыл да осы дәстүр жалғасын тауып, республиканың әр өңірінен бес жүзге жуық құрақшы көшпенділер ойындарына жиналды. Бұл жолы ұлттық өнерпаздар КиНЭС рекордтар кітабына ресми тіркелді.
«Түкпір-түкпірден жиналған жұрт әр қазақтың төрі сұлу екенін білді. Қазақтың құрағы – ақ ниет, кеңпейілділік пен қонақжайлық екен деп көргендер әлемге әдемі көзқарасты паш етті», – дейді жобаның авторы Нұргүл Абайхан.
Ұлы дала дүбіріне облыстан жеті қолөнер шебері аттанған еді.Ботагөз Көшербаева Қостанайдағы «Любимая Ева» аспаздық дүкенінде жұмыс істейді. Бұл жобаға былтыр да қатысқан. Күні бойы тоқаш пісіріп, қолы қалт етсе, іс тігетін Ботагөздің қиялының ұшы-қиыры жоқ. Әйтсе де алдындағы қиюын орнымен құрастырғанды жаны сүйеді.
«Мың құрақшы – мың көрпе» бастамасы қазақтың ауызбіршілігін көрсетеді. Бір жерге топтаса білген ынтымағымыздың арқасында, болашақта мыңнан да асатынына сенеміз», – дейді ол.
Аламан құрақ жобасы Жанкелдин ауданы Аралбай ауылының тұрғыны Құралай Молдабаеваға да таңсық емес.Былтыр жазыққа екі жүз көрпе жайылғанда таңқалмаған ел қалмаған. Ауылда отырса да үлкен жобаларға атсалысып жүрген Құралай Молдабаева жастарға үлгі болары анық. Ұлттық қолөнерімізді ұрпағымызға ұлықтауда еңбегі орасан.Өзі– жеке кәсіпкер, «Алтын алқа» иегері, ардақты ана,V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен «Аламан құрақ» көрпе тігуші қатысушыларымен рекорд орнатқан аудан мақтанышы.
Осыдан бес жыл бұрын 500 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, тігін өнерін дамытуға бел буған. Тігін тігуге деген құштарлығы бала күннен артқандығын айтқан болатын. Бес саусағынан өнер тамған ісмер, 10 немеренің ардақты әжесі. Бес ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген аяулы ананың іскерлігіне ауылдық ағайындар таңдай қағады. Қазақтың сән үлгісіне айналған оюларды пайдаланып, құрақ көрпе құрағанда, таңырқаудан басқа амалыңыз қалмайды. Қыз жасаулары көздің жауын алары сөзсіз.
Еңбегін ел бағалап, мерейін өсірді. Облыс орталығында өткен «Жыл патриоты – 2024»  форумына қатысып, «Бизнес» номинациясы бойынша үздік атанды. Облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.2023 жылы Қазақстанның «КИНЭС»  рекордтар  кітабына есімі алтын әріптермен жазылды. Ісмерлік саласындағы рекордты жаңарту үшін Астана қаласында өткен V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, іскерлігі мен шеберлігін дәлелдеді. 
«Жобаға еліміздің әр өңірінен барлығы 450 құрақшы қатысты. Бір мезгілде кілем тәріздес жайылған 450 көрпенің жалпы көлемі 11200 шаршы метр. Бір көрпенің өлшемі – 250/90 см. Көрпе тігу барысында «Гаухартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және өсімдік оюлары қолданылды», – дейді Жанкелдин аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботакөз Саматова. 
Ісмердің тыңғылықты ісі көпке ұнайды. Сондықтан болар, тұтынушысы көп. Жаңаша дүниелерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ою-өрнектің ерекше үйлесіміне мән беріп, айырықша көңіл бөледі. Бір жағынан тоқыма тоқу, тігін тігу адам денсаулығы үшін де пайдасы зор. Саусақ жаттығуына әсері бар. Тәжірибесі мол тігіншіден қыз-келіншектер үлгі алса, еш артықшылығы болмас еді.
Ал Аламан құрақ жобасының былтырғы қатысушысы Айжан Сақтапбергенова жан-жақты мамандықтың иегері. Арқалық өңірінде туып-өскен ол орта мектепті үздік бітіріп, педагогика, экономика саласын қатар меңгерген. Бос уақытында тігінмен айналысып, ұлттық қолөнердің дамуына үлес қосып жүрген ұлтжанды қыздарымыздың бірі.
«Маған бұл өнер атам Бимақаннан дарыды, ол кісі елге танымал шебер етікші болған, қолынан шыққан етік-мәсілерін жұрт тапсырыспен тіктірген екен», – дейді Айжан.Жобаға биыл қосылған қостанайлық Зейнеп Хасенова он бес жылдан бері қыз жасауын тігумен айналысады. Оның бұйымдары Қостанайдың әр көрмесінен түскен емес.Ұлттық өнерге деген махаббаты жасап тұрған дүкенін жауып, құрақ өнерін жаңғыртуға шешім қабылдауға жетелеген. 
Биылғы дүбірлі додаға арналып тігілген көрпенің әр құрағы мен оюы үлкен философиямен жасалған.Ортасындағы Төртқұлақ оюы – қазағымның төрт түлік малы аман болсын дегенді білдіреді. Бұрын қазақ бірінші мал-жан аман ба деп сұрасқан. Ол оюды көмкерген гауһартас құрағы – асыл тастай болайық дегені. Өсімдік жасыл ою – төртеу түгел болып, өсіп-өнуді ойлағаны. Бұларды қоршаған аламан құрағы ақ мол болып, көк аспанымыздың ашық болуын тілеген тілегінен туындаған. Қызыл оюларымыз – Қазақстанның кеңпейілділік пен қонақжайлығын көрсетеді. Шетіндегі сынық мүйіз құрағы екі ұғымды сипаттайды. Балта сақтықта қорлық жоқ екенін ескертсе, екіншісі – ұрпағымыз білімді, саналы, салиқалы болсын дегені.
Міне, осы кісілердің қолынан шыққан 450 көрпе осылай төселгенде үлкен кілем тәріздес көздің жауын алды. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!