Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бөлелер қалай туыс болады?

Дата: 20.08.2024 Рубрика: Наследие предков
344
0
Бөлелер қалай туыс болады?
Бөле деген бізге қалай туыс болатынын білеміз бе? Қазақта түрлі туыстық атау бар. Олардың әр бірінің өзіндік орны, маңызы да бөлек. Мысалы, мен бөлені білмейді екенмін. Жақында әжем «бөлеңмен тату бол» деді. Мен бөлені білмейтінімді айтып едім. Әжем күліп оны түсіндіріп берді. 
Сонымен бөле – апалы-сіңілі қыздардың баласы бір-біріне «бөле» болады. Нағашы жұрт арқылы жалғасатын ілік қатарына жатады, бөтенге саналмайды. Олар да нағашы - жиенді адамдар сияқты бір-бірімен әзілдесіп ойнайды. Нағашыларына барғанда екеуі бірігіп кетеді. Олар тату жүреді. «Екі аяқтыда бөле тату, төрт аяқтыда бота тату» деген әдемі мақал бар. Ең жақын бөлелерді, яғни бір жанұядан өрбіген қыздардың балаларын немесе бөленің баласын «қарын бөле» дейді.
Екі аяқтыда бөле тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Жөн сұраса келе қарын бөле шығады деген де сөз бар екен. 
Аяла Мұрат,
оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!