Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бата – тәрбие бастауы

Дата: 20.08.2024 Рубрика: Наследие предков
318
0
Бата – тәрбие бастауы
Балам балабақшаға барғалы дастарқан басында отырып, бәрімізге бата беретін болды. Ешкім оның рұқсатынсыз тұрмайтын болдық. Сәби тілегі орындалады. Сондықтан бата туралы айта кеткім келеді.
Бата беретің адам - көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар болуы тиіс болған.Қазақтың бата сөзінің шығу тарихы туралы этнограф ғалымдардың пікіріне жүгінсек: «Ата –бабаларымыздың өсиет батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі»,- дейді екен. Яғни, бата- фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз болып табылады.
Бата сөзі тек қазақ жұртында емес, түркі-монгол халықтарына бағзы заманда дәстүрге айналған. Бурят елі мұны «юролы», алтайлықтарда «алқышы», немесе «алқыш сос», монғолша «еролы» деп атаған. Батагөйлер әр өлең өлшемін дәлме-дәл сақтай отырып, әсем жеткізген. Қазақтың бата  сөздері  XIX ғасырда алғаш рет жиналып, жариялана бастаған. «Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер» - деген мақал–мәтелі батаның қандай кұндылыққа ие екенін көрсетсе керек.
Жәмила Ақсауытова 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!