Абайдың өсиет сөздері
Дата: 20.08.2024 Рубрика: Наследие предков
0
467
0
Балалар, елімізде Абай күні аталып өтті. Абай атамыздың артында қалдырған мол мұрасы бар. Оларды оқып, зерделеу керек. Бабадан қалған аталы сөзге құлақ түрген жөн. Мен бүгін сіздерге интернет желісі арқылы оқығандарымды жіберіп отырмын.
Бекасыл Көкен,
оқушы.
• Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.
• Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
• Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Бақпен асқан патшадан, миымен асқан қара артық.
• Тоқ тіленші – адам сайтаны, харекетсіз – сопы монтаны.
• Жаман дос – көлеңке, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.
• Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
• Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
• Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің. Бағың өскен соң өзің ғана тілейсің.
Комментарии