Шәкәрімнің рухына
Дата: 27.02.2024 Рубрика: Наследие предков
0
135
0
Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында II Аудандық «Шәкәрім оқулары» байқауы өткізді. Байқауға ауданымыздың 4 мектеп және ауыл окруктарын 5-8 сынып оқушылары қатысты.
Шәкәрім мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалай отырып, бұл асыл мұраны ең алдымен оқушылардың жаттап, меңгеруі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлт тұтастығын нығайту міндеттерін жүзеге асыруға зор үлес қосады. Ал байқаудың мақсаты – оқушыларды дана бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру болатын. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан, қай өлеңін де мүдірмей оқыған, әділқазылар тарапынан болған сұрақтарға толымды жауап берген Амангелді орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рамазанова Гүлхан мен Тасты ауылынан келге- Қабдырашова Жаннұр бас жүлде алды. Олар облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алды.
Шәкәрім — ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Шәкәрім өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады деп ақынның шығармашылығына зор баға берді.

Комментарии