Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Болашақ Әл-Фарабилер

Дата: 19.03.2024 Рубрика: Наше будущее
136
0
Болашақ Әл-Фарабилер
            Қостанайдағы NIS оқушылары Қазақ ұлттық университеті ұйымдастыруымен өткен «Жас Әл-Фараби» мектеп оқушыларының республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конференциясында жүлделі орындарға ие болды.
            Жас ғалымдар бақ сынасатын бұл ғылыми-зерттеу жұмысындағы Нұрай Ержан мен Нұрдәулет Игеновтың қорғаған жұмысы қосымша көмекті қажет ететін, уақытты тиімді пайдаланғысы келетін жандар үшін қазақ тіліндегі аудиокітаптарды дыбыстайтын жасанды интеллект жасап шығару жайлы болды.
            «Оқушылар осы тақырып бойынша жан-жақты ізденіп, Назарбаев Университетіндегі кездесулерге қатысқан, қазақ тіліндегі аудиокітаптар нарығын толық зерттеген. Зерттеудің тиімділгі – қағаз кітапты оқуға кететін уақытты біршама үнемдеу. Оқушылар аудиокітаптар сайтын жасап шығарды, онда жиырмаға тарта шығармалар дыбысталған. Осы жұмыспен аталған конференцияда 1 орынға ие болды», – дейді ғылыми жетекшсі Салтанат Қабденова.
            Ал тоқыма бұйымдарының шикізаты ретінде пайдаланылатын жүн түрлерінің жылуөткізгіштік қасиеттерін анықтауға бағытталған ғылыми жұмыспен Дария Арсаева жүлделі 1 орынға ие болды.
            «Оқушы бұл тақырыпты теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, бірнеше тәжірибелер жүргізе білді. Зерттеу барысында қой, түйе, ит және т.б жүн түрлерінің жылуөткізгіштік коэффициенттері бағаланып салыстырылды және мәндері анықталды. Зерттеу нәтижелерін ескере отырып, жас зерттеуші кішкентай балалардың бөтелкесіне арналған термочехол жасап, оның пайдаланылуы бойынша тиімді ұсыныстар жасады», – деп атап өтті ғылыми жетекшісі Гүлнар Жармұхамбетова.
 
                       
 
           
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!