Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақтың ұлы ағартушысы

Дата: 21.04.2026 Рубрика: Моё будущее
15
0
  Қазақтың ұлы ағартушысы
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі «Ыбырайтану» жобасы аясында «Даланың дара ұстазы» атты музейлік сабақ ұйымдастырды.
Тағылымды шара Қостанай қаласындағы №2 мектеп-­лицейінің 6-7 сынып оқушыларына арналды.
Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, оның қазақ халқының білім беру жүйесін қалыптастырудағы, ұлттық әдебиетті дамытудағы сүбелі еңбегі кеңінен таныстырылды. Оқушылар ұлы тұлғаның ағартушылық идеяларының бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймағанын түсінді.
Іс-шара барысында Қырғыз хрестоматиясы негізінде танымдық ассоциациялық ойын ұйымдастырылып, оқушылардың алған білімдерін бекітуге және пәнге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Ойын арқылы балалар шығармалардың мазмұнын еске түсіріп, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Сабақ соңында музей қызметкерлері мекеменің жұмысы туралы қысқаша мәлімет беріп, мәдени орындардың тарихи-­мәдени мұраны сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудегі маңызына тоқталды. Мұндай музейлік сабақтар оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсетіні сөзсіз.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!