Ғылым мен инновация тоғысқан күн
Дата: 12.05.2026 Рубрика: Моё будущее
0
8
0

Тобыл өңірінде алғаш рет ауқымды ғылыми-инновациялық фестиваль ұйымдастырылып, Қостанай қаласы бір күнге ғылым, технология және шығармашылықтың нағыз орталығына айналды. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі саналы баладан салиқалы данаға дейінгі барлық буынды біріктіріп, цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды.
Фестиваль алаңы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Мыңдаған қонақтар заманауи технологиялар әлемін өз көздерімен көріп, жаңа әсер мен тың ойлар алды. Бұл күні қалада 10 мыңнан астам адам бас қосып, Қостанайдың қоғамдық өмірінде жаңа серпіліс байқалды.
Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жастардың технологияға, бағдарламалауға және жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыру болды. Бұл мақсат толықтай жүзеге асты: қатысушылардың көзінен ғылымға деген ынта мен болашаққа деген сенім анық байқалды.
Жастар киберспорт турнирлерінде бақ сынап, робототехника және конструкторлық зертханаларда түрлі модельдер құрастырды. Олар тек көрермен емес, нағыз зерттеуші ретінде өз қабілеттерін сынап көрді.
Ең көп қызығушылық тудырған аймақтардың бірі – VR/AI кеңістігі болды. Мұнда қатысушылар виртуалды ортада өндірістік процестерге еніп, ауыл шаруашылығы техникасын басқару, электромобиль құрастыру желілерінде жұмыс істеу сияқты тәжірибелерден өтті. Бұл болашақтың технологиясы бүгіннің өзінде қолжетімді екенін көрсетті.
Фестивальдің сыртқы алаңында нағыз ғылыми шоу ұйымдастырылды. Химия мен физика тәжірибелері, сұйық азотпен жасалған әсерлі эксперименттер және Тесла шоуы көрермендерді таңғалдырды. Балалар да, ересектер де ғылымның қызықты әрі әсерлі әлем екенін сезінді.
Фестивальдің отбасылық форматта өтуі оның құндылығын арттырды. Ата-аналар мен балалар бірге уақыт өткізіп, жаңа білім алып, ортақ қызығушылықтарын дамытты. Бұл шара білім мен отбасы құндылығының қатар дамуына мүмкіндік берді.
Фестивальдің негізгі бөлігі пленарлық отырыспен басталды. Бұл алаңда ғылым, технология және қоғам дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Фестивальді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашып, өңірдің цифрландыру бағытындағы даму басымдықтарын атап өтті. Іс-шара модераторы ретінде танымал блогер Иван Червинский сөз сөйледі. Ал сахна төрінде әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар бас қосты. Олардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг (онлайн), профессор Асқар Жұмаділдаев, KIA QAZAQSTAN компаниясының бас директоры Ким Де Ки, Freedom Cloud CEO-сы Темірлан Зиналабдин және Оксфорд түлегі Ғабит Бекахметов болды. Олардың TED-форматтағы баяндамалары Қазақстанның инновациялық дамуы мен жаһандық технологиялық трендтер туралы терең ойларға жетеледі.
Фестиваль күні бойы жалғасып, түрлі интерактивті алаңдар мен көрмелер жұмыс істеді. Қостанай тұрғындары мен қонақтары жаңа технологиялармен танысып, ғылыми жобаларды тамашалады.

Комментарии