Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Амангелді ауданы – тарихы терең, тағылымы мол өлке

Дата: 27.01.2026 Рубрика: Моё будущее
15
0
Амангелді ауданы – тарихы терең, тағылымы мол өлке
Бір ғасырға жуық тарихы бар Амангелді ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда «Батпаққара» атауымен құрылып, биыл құрылғанына 98 жыл толып отыр.
Осы мерейлі күнге орай жыл сайын Амангелді ауданының бай тарихын дәріптеу, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және аудан тарихына қатысты музей қорындағы құнды экспонаттарды кеңінен насихаттау мақсатында түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты.
Мереке қарсаңында музей қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия өткізіп, музей экспозицияларындағы өткен ғасырлардан сыр шертетін, туған өлкенің тарихымен тығыз байланысты жәдігерлермен таныстырды. Экскурсия барысында оқушылар музей залдарын аралап, аудан тарихының әр кезеңінен мағлұмат алды.
Экскурсиядан кейін аудан өміріндегі маңызды оқиғалар, қилы тарихи кезеңдер, сондай-ақ әр салада туған өлкенің дамуына үлес қосқан азаматтар туралы кеңінен баяндалған «Амангелді – батырлар елі, береке мен бірліктің мекені» тақырыбында дәріс оқылды.
Тағылымы мол іс-шара соңында мектеп оқушылары Амангелді ауданын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Мерекелік іс-шаралар легі мұнымен тоқтаған жоқ.
Атап айтқанда, Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Аталған шара аясында музей қызметкерлері мәдениет үйінің фойесінде «Амангелді ауданына – 98 жыл» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрмеде аудан басшылары, ауданның құрылу жылдарындағы елеулі оқиғалар, тарихи ғимараттардың фотосуреттері, ауданның 80 және 90 жылдық мерейтойларына, Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына, сондай-ақ Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған іс-шаралардан сыр шертетін фотоматериалдар ұсынылды. Сонымен қатар аудан тұрғындары әр жылдары пайдаланған тұрмыстық бұйымдар, 1984 жылы салынған «Есір көпірінің» символдық кілті, ауданның І хатшылары пайдаланған телефон секілді тарихи жәдігерлер көпшілік назарына қойылды.
Бұл көрме мен іс-шаралар Амангелді ауданының бай тарихын насихаттауға, ел өткенін ұлықтауға және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосты.
Жалғас Досбергенов,
А.Иманов атындағы мемориалдық музейдің әдіскері Аманкелді ауданы
 

 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!