Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқушыға кешенді қолдаудың бастауы

Дата: 27.01.2026 Рубрика: Моё будущее
13
0
Оқушыға кешенді қолдаудың бастауы

Қазіргі білім беру жүйесінде мектептің міндеті тек білім берумен шектелмейді. Бүгінгі таңда оқушының тұлғалық дамуы, әлеуметтік бейімделуі мен психоэмоционалдық саулығын қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.
Әр баланың отбасылық жағдайы, әлеуметтік ортасы мен психологиялық ерекшелігі оның оқу үлгеріміне, мінез-­құлқына және болашақ өміріне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда мектеп тәжірибесінде әлеуметтік диагностика маңызды рөл атқарып отыр.
Әлеуметтік диагностиканың маңызы неде?
Әлеуметтік диагностика – оқушының әлеуметтік жағдайын, өмір сүру ортасын, тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу үдерісі. Оның басты мақсаты – баланы бақылау емес, оны түсіну, қажетті қолдау түрін уақытында анықтау.
Диагностика нәтижесінде оқушының қандай қиындықтарға тап болғаны, қандай тәуекелдер бар екені және оның әлеуетін дамыту жолдары айқындалады. Бұл мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін үйлестіруге де мүмкіндік береді.
Қиындықты ерте анықтау – тиімді қолдаудың негізі
Қазіргі мектепте әлеуметтік жағдайы әртүрлі, мінез-­құлқы мен эмоционалдық күйі алуан түрлі балалар білім алады. Кейбір оқушылар отбасындағы қиындықтарға, ата-ана назарын жеткіліксіз сезінуге, буллингке немесе психологиялық күйзеліске тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әлеуметтік диагностика бірнеше маңызды міндетті атқарады. Біріншіден, қиындықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, әр оқушыға жеке қолдау жоспарын құруға жол ашады. Үшіншіден, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтады. Төртіншіден, баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал ең бастысы – тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттырады.
Әлеуметтік диагностика қалай жүргізіледі?
Диагностика бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен сауалнама, бақылау, әңгімелесу арқылы алғашқы ақпарат жиналады. Мұғалімдер мен психологтардың пікірлері ескеріледі. Кейін оқушының психоэмоционалдық жағдайы, сынып ұжымындағы орны, қарым-­қатынас мәдениеті талданады.
Маңызды кезеңдердің бірі – отбасын зерттеу. Отбасындағы тәрбиелік ахуал, ата-ананың бала өміріне қатысу деңгейі, тұрмыстық жағдайы қарастырылады. Осы деректер негізінде тәуекел факторлары анықталып, кешенді қолдау жоспары жасалады.
Кешенді қолдау – ортақ жұмыс нәтижесі
Оқушыға көрсетілетін қолдау бірнеше бағытта жүзеге асады. Психологиялық қолдау арқылы эмоционалдық тұрақтылық қалыптастырылады. Педагогикалық қолдау оқу қиындықтарын жоюға бағытталады. Әлеуметтік қолдау материалдық көмек пен әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Ал отбасымен жүргізілетін жұмыс ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар тренингтер, үйірмелер мен секциялық жұмыстар оқушының қабілетін ашып, өзіне деген сенімін арттырады.
Нәтиже қандай?
Жүйелі жүргізілген әлеуметтік диагностика нәтижесінде оқушы өзін қауіпсіз ортада сезінеді, оқу мотивациясы мен өзін-өзі бағалауы артады. Мұғалімдер, ата-аналар және мамандар арасындағы ынтымақтастық күшейіп, мектептегі тәрбиелік жұмыстың сапасы жақсарады. Ең бастысы – әр балаға жеке көзқарас қалыптасады.
Әлеуметтік диагностика – мектептегі әлеуметтік-­педагогикалық жұмыстың берік іргетасы. Ол оқушының тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің, қиындықтардың алдын алудың және қолдаудың алғашқы әрі маңызды қадамы. Әлеуметтік диагностикасы жүйелі жолға қойылған мектепте әлеуметтік-­психологиялық ахуал жақсарып, оқушының толыққанды дамуына мүмкіндік туады.
Жадырасын Кенжебаева, Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясысының әлеуметтік педагогы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!