Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ғылым мен білімге құштар жастар

Дата: 26.08.2025 Рубрика: Моё будущее
74
0
Ғылым мен білімге құштар жастар
Астанада ерекше маңызды жиын – «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы өтті. Бұл форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас мұғалімдер жиналды. Олардың ішінде ауыл мектептерінде еңбек етіп жүрген ұстаздар да бар. Барлығы да – білімге құштар, жаңа идеяларға ашық жандар.
Форумға 300-ге жуық жас ұстаз қатысты. Ұйымдастырушылар оларға жылы лебіздерін білдіріп, сенім артты. «Жас ұстаз – мектептің болашағы, білімнің тірегі», – деп атап өтті форум қонақтары.
Жиында мұғалімдер көп нәрсені талқылады, инклюзивті білім беру – яғни әр балаға қолдау көрсету жолдары; жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті сабаққа қолдану және тағы басқа. 
Кейбір жас ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісті. Форумда тек сабақ емес, шабыт беретін ерекше кездесулер де өтті. TED Talks форматында түрлі мамандар сөз сөйледі. Оның ішінде танымал математика мұғалімі, «Forbes 30 Under 30» тізіміне енген Евгений Солоницын болды. Ол жас мұғалімдерді ешқашан тоқтап қалмауға, үнемі жаңашылдыққа ұмтылуға шақырды.
Осындай форумдар ұстаздарға күш-жігер беріп, балаларға сапалы білім беруге жол ашады. Өйткені, жақсы мұғалім – елдің ертеңгі бақыты! 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!