Әлемнің әміршісі – еңбек
Дата: 22.09.2020 Рубрика: Мамандығым мақтанышым
0
752
0
«Еңбек бәрін жеңбек!» ұранмен Амангелді ауданындағы «Жұпар» бөбекжай-балабақшасында балғындар арасында аспазшылар байқауы ұйымдастырылды. Осы ұлы қасиетті бала бойына сіңіру мақсатында балабақшамызда кішігірім сайыстарды өткізуді дәстүрге айналдырғанбыз. Бүлдіршіндеріміздің өзіне қызмет етіп, атааналарына көмектесуінің өзі еңбек. Ал еңбекке баулу үшін түрлі мамандықтармен де таныстырып отырған жөн. Бұл жолы балалардың аспаз мамандығы туралы түсініктерін нығайту және олардың қызметіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында кішігірім байқау өтті. Балаларға аспаз кейпіне еніп, түрлі тағамдар жасауға болатынын түсіндірдік. Байқау барысында шынайы тағамдар дайындалмады. Балалардың табиғатына ойын жақын болғандықтан, ойыншықтарды қолдану арқылы өткізілген байқау ерекше болып, балалардың қызығушылығын оятты. Олар бір сәт өздерін аспаз сынды сезініп, ерекше әсер алғандықтарын жеткізді. Тіпті бүлдіршіндеріміздің кейбірі болашақта аспаз мамандығын таңдаймын деп айтып жатты. Байқау аясында балалар қандай тағамдарды жақсы көретдерін айтып, болашақта соларды өз қолымен жасағысы келетінін аса құштарлықпен айтты. Байқаудың тәрбиелік мәні де жоқ емес. Себебі сайыс барысында балаларға кез келген тағамды дайындау үшін алдымен оған қолданылатын жемісжидектер мен көкеністерді жуу керектігін, оның денсаулыққа тигізер пайдасы зор екендігі де жеткізілді. Балабақшамыздың бүлдіршіндері байқау аясында бір-бірлеріне тамақ беріп, әр түрлі ойындар ойнады. Қызықты өткен сайыс өз межесіне жетті деп есептеймін.
Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА, «Жұпар» балабақшасы тәрбиешісі Аманкелді ауданы
Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА, «Жұпар» балабақшасы тәрбиешісі Аманкелді ауданы
Комментарии