Шебер қолдар
Дата: 08.09.2020 Рубрика: Мамандығым мақтанышым
0
624
0
Біздің мектепте қол өнер үйірмесі жұмыс жасайды. Онда біз көптеген заттарды ағаштан ойып, жасап шығарамыз. Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы – қолөнері екені белгілі. Шеберлер түрлі табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған. Бұл үйірмеге менің сыныптастарым үнемі барып жүреді. Жасаған заттарымыз да көздің жауын алады. Осындай заттарды жасауды біз осы үйірменің жетекшісі Ғабит Әмірхамзиннен үйрендік. – Қазіргі кезде ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін қолөнерге байланысты үйірмелер мектептерде өте қажет. Балалармен бірге түрлі көрмелерге дайындалып, олардың қиялдарын ұштап, мүмкін болашақта осы мамандықты игеруге де болатынын үйретемін. Шебер болу үшін шыдамдылық керек. Пандемия кезінде де еш тоқтамай ісімізді жалғастырып отырдық, – дейді үйріме жетекшісі Ғабит Әмірхамзин. Қолөнер үйірмесінің жетекшісі ағашты өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдардың жасалу жолдарын асықпай, ерінбей, өзінің білімділігін қолдана отырып түсіндіреді. Қолөнерге байланысты сұрақтарын қойып, қолөнерге деген қызығушылығын шыңдап жүрген балалар бұл үйрмеге үйір. Әрбір бала өз қолымен зат істей алатындай шебер болуы керек деп ойлаймын. Бұл әр адамның өміріне өте қажет.
Дәурен НАСЫР, Тимофеев орта мектебінің оқушысы
Дәурен НАСЫР, Тимофеев орта мектебінің оқушысы
Комментарии