Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Арманы биік Алихан

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Мамандығым мақтанышым
779
0
Арманы биік Алихан
Алихан Гайдар таланты мен талабы бір арнаға тоғысқан өнерлі жас. Бала болса да робототехниканы терең меңгеріп, өзге де ғылыми жұмыстарға қызығушылық танытып жүрген жас ғалым алған істі ұршықша айналдырып әкетіп, роботтарға жан бітіретін қолы алтын талантты жас Арқалық қаласындағы «Раушан» балабақшасында тәрбиеленді. Атасы Гайдар Саржанов Қазақстанның зіл көтеруден алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері болған. Адалдықтың дәнін жүрегіне еге білген әкесі Саржанов Олжас Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 4-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері қызметінде. Армандарының орындалуы үшін қолынан бар келгенін жасап жүрген анасы Кабажаева Арайлым Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде абыройлы еңбек етіп, қазір декреттік демалыста. Береке бірлігі ұйыған шаңырақты інісі Ахмед, қарындасы Айшах үшеуі шат күлкіге бөлеп келеді. Таңдап қонатын Тәңірдің сыйын бойына қондырған Алиханның жүрегімен жазылған отты жазбалары мен эсселері түрлі байқауларда жүлде алып келеді. Ақындардың жырларын мәнерлеп оқығанда тыңдарманын ерекше күйге бөлейтін қабілеті бар дарынды жас – қазақ әдебиетінің жас қыраны. Мектепшілік пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін қайсар әрі жігерлі, еңбекқор Алиханның арманы асқақ. Оның жетістіктері де аз емес. 2018 жылы Қостанай қаласында өткен «Асыл сөз аталары» эссе жазу байқауында жүзден жүйрік шығып, «Ең үздік жазғаны үшін» аталымы бойынша Мақтау қағазын иеленді. «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген шығармашылық «Мәнерлеп оқу» және «Менің сүйікті кейіпкерім» байқауларында І орынды жеңіп алса, «Көркем жазу» байқауында ІІ орынды қанжығасына байлады. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «Белес» өнер орталығында өткен «Ұлыларды ұлықта» атты республикалық байқаудан І орынды жеңіп алды. 2020 жылы «Совушка» Халықаралық онлайн олимпиадасында І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның сүйікті ісі робототехника құрастыру, дзюдо спортымен шұғылдану. Ал арманы ата-анасы және бауырларымен экономикасы дамыған мемлекеттерге саяхат жасау, ғарыш әлемін және мұхит астын зерттейтін ғалым болу. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!